11:52, 30 Тамыз 2025 | GMT +5
Жамбыл полиция департаменті басшысының орынбасары қызметтен қуылып, артынша қамауға алынды
АСТАНА. KAZINFORM — Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысында полиция департаменті басшысының орынбасары қызметтен қуылып, қамауға алынғанын растады.

Министрліктің мәліметі бойынша ол заңға қайшы әрекет жасады деген күдікке ілінген.
— ІІМ Ішкі қауіпсіздік департаменті Жамбыл облыстық полиция департаменті басшысының бұрынғы орынбасарын ұстады. 2025 жылдың 29 тамызында ол жағымсыз себептермен жұмыстан қуылған болатын, — деп жазылған ресми мәліметте.
Қазір ол күдікті ретінде уақытша ұстау изоляторында отыр. Сотқа дейінгі тергеу басталған.
Кеше ғана Ішкі істер министрі Ержан Сәденов елімізде қылмыс саны 13%-ға төмендегенін мәлімдеген болатын.