Жамбылда ұсталған күдікті полицей Антикор қызметшісіне қару кезенген

АСТАНА. KAZINFORM – Жамбыл облысында аудандық полиция бөлімі қызметкерлері қылмыстық әрекетінің жолын кесілді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров айтты.

Жамбыл
Фото: freepik.com

- Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет шекара маңындағы бір аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің қылмыстық әрекетінің жолын кесті. Олар жанар-жағармай материалдарын Қазақстан Республикасынан заңсыз әкетуге жол беріп, шетелдік азаматтардан материалдық сыйақы алды деген күдікке ілінді. Осы заңсыз әрекеттердің нәтижесінде көрші мемлекеттің азаматтары мұнай өнімдерінің заңсыз айналымын ұйымдастырған, - деді ол баспасөз мәслихатында.

Ресми өкілдің айтуынша, тергеу әрекеттерін жүргізу барысында, күдіктілердің бірі өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлеріне қызметтік қару қолдану арқылы қарсылық көрсеткен.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

Айта кетейік, Астанада пара алып, балабақша орнын саудаға салған шенеунік ұсталды.

Спортты дамыту дирекциясының басшысы 584 млн теңге қаржы жымқырғаны анықталды.

Антикор екі жылда 1 трлн 100 млрд теңгенің заңсыз активтерін қайтарды.

Соңғы жаңалықтар