Жамбылдық қызылша өсірушілерге 3 млрд теңге қарыз қайтарылады

АСТАНА. KAZINFORM — Өткен маусымда фермерлер қызылшаны белгіленген бағадан үш есе арзан бағада тапсыруға дайын болғанымен, сол қаражатты да дер кезінде ала алмай, ақшаларын бір жылға жуық күтуге мәжбүр болды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Жамбылским свекловодам вернут 3 млрд тенге долгов
Фото: Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы басқармасы

Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Көшеновтің айтуынша, Меркі қант зауыты фермерлер алдындағы қарызын толық өтейтін болады. Биылғы маусымда зауыт өнім қабылдап, өңдеу жұмыстарын жүргізуі үшін «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ арқылы бұрынғы 3 миллиард теңгеден астам қарыз өтеледі.

— Сонымен қатар, Меркі қант зауытымен қантты форвардтық келісімшарт негізінде сатып алуға жергілікті бюджеттен 2,3 млрд теңге бөлінді, — деді Қ.Көшенов.

Уәде бойынша, зауыт фермерлермен есеп айырысуды қыркүйек айының соңына дейін немесе қарашаның басына қарай аяқтамақ. Дәл сол кезде 2025 жылғы өнімді қабылдау басталады.

— Биыл бұл дақыл облыс бойынша 5,2 мың гектар алқаптан жиналады. Басқарма жүргізген таксация нәтижесіне сәйкес, шамамен 250 мың тонна таза өнім алу жоспарланып отыр, — деді Қайрат Көшенов.

Өткен жылы қарашаның соңында Меркі қант зауытында ұзын-сонар кезек пайда болғанын жазған едік. Себеп — зауыт фермерлерден қант қызылшасын қабылдап үлгермеді.

Соңғы жаңалықтар