Жамбыл облысы: Құрбан айттың бірінші күні 23 495 отбасыға ет үлестірілді

None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Қасиетті Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні исі мұсылман жамағат құрбан малдарын шалып, Тараз қаласы мешіттеріне қарасты 2 қасапханада және аудан қасапханаларында тынбай жұмыс жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қасапханаларды ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев бастаған имамдар бақылауда ұстап, құрбандыққа шалынған малдың етін көмек алуға тіркелген отбасыларға таратып беруде.

Айта кетейік, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды тіркеу qurban2023.kz сайты бойынша жүргізілген болатын. Нәтижесінде бір күн ішінде Жамбыл облысы бойынша 23 495 отбасы еттей көмек алып үлгерді.

Ет ерікті жастардың көмегімен мұқтаж жандардың мекенжайларына жеткізіліп берілді.

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында төрт түлікті асылдандыру жұмыстары басталғанын жазған болатынбыз. Осы мақсатта Көкдөнен ауылдық округінің тұрғындарына келесі жылдың көктемінен бастап «Асылдандыру бағдарламасы» қолжетімді болады. Нәтижесінде ет өнімдері де біршама көбеюі тиіс.

Жамбылда игерілмеген 379 мың гектар жайылым жер мемлекет меншігіне қайтарылғанын жазған болатынбыз.

Шаруа қожалықтарының жерлеріне кедергісіз мал жаюға 510 мың гектарға меморандум жасалып, игерілмеген 379 мың гектар жайылым жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Нәтижесінде, жетіспейтін жайылым жерлердің көлемі 683,6 мың гектардан 164 мың гектарға қысқарды.


Соңғы жаңалықтар