Жамбыл облысында 4 жасар баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының құқық қорғау органдары 4 жасар баланың өлтірілуі фактісі бойынша сот алдындағы тексеруді жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Жамбыл облыстық ІІД-нен.
None
None

«17 мамыр күні сағат 00:45-те Меркі аудандық ішкі істер бөліміне 27 жасар әйел келіп, 16 мамыр күні түскі уақытта оның көшеде ойнап жүрген кішкентай баласының із-түссіз жоғалғаны туралы айтты. Өткізілген іздеу шараларының нәтижесінже жоғалған баланың мүрдесі таңертең үйіне жақын жердегі жекеменшік аумақтан табылды», делінген ведомствоның хабарламасында.

Ішкі істер департаменті мен прокуратураның жедел тобы баланы өлтіру күдігімен бұрын Қырғыз Республикасында ұрлық жасағаны үшін сотталған 55 жастағы азаматты ұстады.

ҚР ҚК-нің 99-бабының 2-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар