Жамбыл облысында атпен өзенді кесіп өтем деп суға кеткен ауыл тұрғынының денесі табылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында атпен өзенді кесіп өтем деп суға кеткен ауыл тұрғынының денесі табылды, деп хабарлады өңірлік ТЖД баспасөз қызметі.

«Шу ауданы Ақсу ауылының маңындағы Ақсу өзенінен құтқарушылар 7 мамыр күні атпен өзенді кесіп өтем деп суға кеткен 36 жастағы ауыл тұрғынының денесін алып шықты» делінген хабарламада.

Сондай-ақ сүңгуірлер Шу ауданы Төле би ауылы маңында Шу өзенінен 26 мамыр күні белгісіз жағдайда жоғалып кеткен 67 жастағы тұрғынның денесін іздеп жатыр.

Қордай ауданында да 3 маусымда батып кеткен 8 жасар баланың денесі Қарақоңыз өзенінен іздестіріліп жатыр.

Байзақ ауданы Түймекент ауылы маңында да Талас өзенінен 22 мамырда жоғалып кеткен 28 жастағы жігіттің денесі іздестіріліп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар