Жамбыл облысында барымташылар құрықталды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының ІІД полиция қызметкерлері ірі көлемде жылқы ұрлаған барымташыларды ұстады, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметінен.
None
None

«Наурыз айының соңында Жуалы ауданының тұрғынынан белгісіз біреулердің 13 жылқысын ұрлап кеткендігі жөнінде шағым кеп түсті. Қызметтік иттердің көмегімен қарақшылар Билікөл көлінің аймағында қуып жеткен», - деп анықтайды ІІД.

Ұсталғандар осыған дейін істі болған, Рысқұлов ауданының тұрғындары екені анықталды. Жалпы келтірілген шығын көлемі 9,3 млн. теңгені құрап отыр. ҚР ҚК 175-бабы 4-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар