08:27, 15 Ақпан 2011 | GMT +5
Жамбыл облысында бизнесті дамытуға 2011 жылы 3,8 млрд. теңге бөлінбек
ТАРАЗ. 15 ақпан. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Ағымдағы жыл кәсіпкерлікті дамыту үшін ерекше жыл болмақ, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында өңірге республикалық бюджеттен 3,8 млрд. теңге бөлу көзделген.
Бұл туралы дүйсенбі, 14 ақпан күні халық алдында есеп берген Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев мәлім етті.
Оның айтуынша, қаражат жеке кәсіпкерлікті қолдауға, индустриялық инфрақұрылымды дамытуға бағытталатын болады. Жастар тәжірибесін ұйымдастырып, кадрларды дайындау, қайта оқытудан өткізу мақсаттарына 756 млн. теңге бөлінеді деп жоспарлануда.