Жамбыл облысында демалыс аймағы өртеніп жатыр

None
Видеодан алынған кадр
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысындағы Меркі ауданының Меркі ауылынан 14 шақырым қашықтықта орналасқан «Тұран» демалыс аймағы өртке оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 20 мамыр күні сағат 21.56-да тұтанған.

Сол маңдағы ағаштан соғылған 4 ғимарат – әкімшілік ғимарат, дәмхана және екі қонақүйді жалын шарпыған. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің 37 қызметкері мен 12 техникасы жұмылдырылып, өртті сөндіріп жатыр.

Сағат 00.13-те жалынның таралуы тоқтатылды. Тілсіз жау шарпыған аумақтың көлемі анықталып жатыр.

Жыл бойы қызмет көрсететін «Тұран» демалыс аймағы Қырғыз Алатауының баурайында, теңіз деңгейінен 750 метр биіктікте, Меркі шатқалында орналасқан.


Айта кетейік, 16 сәуірде Тараздағы көпқабатты үйде ірі өрт болып, тұрғындар мектепке орналастырылған болатын. Жалын Төле би көшесі, 4 мекенжайында орналасқан бес қабатты үйдің шатырынан шықты. Салдарынан шатырдың 800 шаршы метрді отқа оранды.

Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің күшімен тұрғын үйден 100 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 60-ы – бала. Отты сөндіруге 13 техника мен 54 өрт сөндіруші жұмылдырылды.

17 сәуірде аталған тұрғын үйде жөндеу жұмыстары басталды.


Соңғы жаңалықтар