Жамбыл облысында екі ірі есірткі тасымалдау арнасы анықталды

АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы Меркі ауданында және Луговое стансасында есірткі партиясын тасымалдау барысында екі азамат қолға түсті.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінде өткен брифингіде ведомствоның ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Бірінші партияны полицейлер Луговое стансасында қолға түсірді. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде «Қорағаты-Шемен» жолының 3685-ші шақырымынан 38 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны қолға түсті. Одан 60 келіге тарта марихуана тәркіленіп алынған. Қылмыстық іс қозғалды. Аталған факті бойынша күдіктіге 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Екінші есірткі тасымалдау фактісі Жамбыл облысында «Дельта-Долина» өңіраралық және Меркі, Рысқұлов ауданаралық есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімдерінің қызметкерлері бірлесе жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде анықталды. Меркі ауданы Тәтті ауылынан 5 шақырым жердегі құмды аумақта Қордай ауданының 47-жастағы тұрғыны ұсталып, одан 300 келіден астам есірткі заты тәркіленді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, есірткі заттарын тасымалдау арнасын анықтау мақсатында кешенді жедел-іздестіру, арнайы және тергеу шаралары жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар