Жамбыл облысында саяжайды жарықсыз қалдырған жүргізуші ұсталды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараз қаласының аумағына кіретін Құмшағал және Шолдала саяжай алқаптарының тұрғындары жоғары вольтты электр беру бағанына соғылған желікпе жүргізушінің кесірінен жарықсыз қалды.
None
None

Жамбыл облысы ІІД жергілікті полицей қызметінде хабарлағандай, ІІД жергілікті полиция қызметінің іздестіру бөлімшесінің қызметкерлері Тараз қаласы ІІБ инспекторлары ізінше 40 жастағы Тараз тұрғынын ұстады. Ол жеңіл көлігімен электр желілерін үзіп, оқиға орнынан бой тасалаған.

«Восход» саяжай алқабының тұрғындары болған оқиға жайлы полицияға хабарлағаннан кейін жедел іздестіру барысында апатқа қатысты кінәлі тұлға мен көлік құралы анықталды. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚтК 611-бабы 2-б., 610-б 1-б бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды. Оған бір жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін», - деп түсіндірді ведомстводан.

Соңғы жаңалықтар