Жамбыл облысында соңғы екі күнде 3 кісі өлтірілді

«10 қазан күні сағат 12.30-да өз пәтерінде Тараз қаласы прокуроры көмекшісінің мүрдесі табылды, - деді Жамбыл гарнизонының басшысы. - Полицейлер қысқа мерзімде қылмысқа қатысы бар болуы мүмкін дегендерді анықтап, сол бағыт бойынша полицияның жеке құрамы жіберіліп, блок-бекеттер қойылды».
Жедел-іздестіру іс-шаралары басталғаннан кейін бес сағат ішінде күдікті, 21 жастағы Тараз қаласының тұрғыны табылды. Қылмыскер Қордай ауданындағы (Тараз қаласынан 360 шақырым) блок-бекетте ұсталды, күдікті жолаушылар шағын автобусына мініп, Алматыға қашып кетпекші болған. «Ол марқұмның алыс туысы болып шықты. Көршілерінің айтуына қарағанда, олар екеуін бірге жиі көретін, күдікті, тіпті, туысының банк карточкасын қолданып жүрген», - деп атап айтты Б. Аймағамбетов.
Тергеудің алғашқы нұсқасы бойынша, кісі өліміне 39 мың доллар көлеміндегі ақша мәселесі себеп болуы мүмкін. Тергеу аяқталғанға дейін тергеу мәліметтері жарияланбайды.
«Қылмыс өте қытагездікпен жасалған, - деп әңгімеледі Б. Аймағамбетов. - Марқұмға 20 пышақ жарасы, оның ішінде 16-сы ойық жара салған және екі рет басынан атқан. Қылмыскер кісі өлтіруге мұқият дайындалған - аңшы мылтығынан дәл атып, мүрдені жасыру үшін полиэтилен пакеттерін дайындап қойған. Алайда, қылмыскер қылмыс ізін жасырып үлгермеген, біреуден қорқып кеткен сияқты. Пәтерді ашқан кезде өлген кісі еденде қансыраған күйінде табылды».
Прокуратурада атап айтылғандай, қала прокурорының көмекшісі 28 жастағы Ерлан Ноғайбеков ашық-жарқын, жылы жүзді, салауатты өмір салтын ұстанған адам, өз ісіне өте жауапты қарайтын қызметкер, өзінің 4 жастағы қызын өте жақсы көретін әке болған.
«Қазіргі уақытта қылмыстың басы ашылды, оқиғаның мән-жайы анықталды, күдіктінің түсініктемесі бойынша қылмыс құралы табылды. Қылмыскер қамауға алынды, тергеу жүргізілуде», - деді полиция полковнигі.
Сонымен қатар, 11 қазанда түнгі сағат екіде Тараз қаласында, «Салтанат» ықшамауданындағы көп пәтерлі үйлердің бірінен өрт шықты. Өрт сөндірілгеннен кейін азаптап өлтірілген белгілерімен жартылай күйген 25 жастағы пәтер иесінің мүрдесі табылды. «Алғашқы болжам бойынша, оны біреу тұншықтырып өлтірген, - деп атап айтты Жамбыл қаласының полиция басшысы.
Полиция ізін суытпай пәтер иесімен бірге тұрған Тараз қаласының тұрғыны 26 жастағы Александрды ұстады.
«Дәл сол күні, таңертеңгі сағат 8.00-де Шу қаласының шетінде үйінен таңғы табиғат суреттерін түсіруге шыққан 20 жастағы қыздың мүрдесі табылды, - деп хабарлады журналистерге Жамбыл гарнизонының басшысы. - Қызды белгісіз жас жігіт зорламақ болып, қарсылық танытқан қызға пышақ сұғып, қылқындырып өлтірген».
«Шамамен бір сағаттан кейін қаза тапқан әйелдің күйеуі жұбайының ұзаққа кеткеніне алаңдап, іздеуге шығып, әйелін қансырап жатқан жерінде тауып алады. Дереу ауруханаға жеткізбек болғанымен, әйелі жолда көз жұмған», - деді Б. Аймағамбетов.
«Аталған қылмыс бойынша ізі суымай Шу қаласының тұрғыны, 16 жастағы Артем ұсталды. Қазіргі уақытта ұсталған адам қамауға алынды, ҚР ҚК 3-бөлімі 103-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде», - деді Жамбыл облысы ІІД.