Жамбыл облысында тұрғын үйде өрт болып, 50-ден астам адам құтқарылды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараз қаласындағы бес қабатты тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Оқиға орнына Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жедел жетіп, баспалдақ арқылы 50 адамды эвакуациялап, қауіпсіз жерге көшірді. Оның 20-сы — бала.

Апаттар медицинасы орталығы филиалының дәрігерлері мен психологтері аталған көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындарына психологиялық көмек көрсетті.«Өрт сағат 12.44-те оқшауланып, сағат 12.47-де жойылды. Өрттің жалпы ауданы 30 шаршы метрді құрады. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.
Өртті сөндіруге облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 33 қызметкері мен 7 бірлік техника жұмылдырылды», - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында бір тәулікте бірнеше өрт тіркелгенін хабарлаған болатынбыз. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қоғаммен байланыс тобы берген мәліметтерге сүйенсек, 31 мамыр күні сағат 11:06-да Шу ауданы Далақайнар ауылындағы төрт көршілес тұрғын үйлердің қоралары және шөпханасы отқа оранған.

Соңғы жаңалықтар