09:08, 11 Ақпан 2009 | GMT +5
Жамбыл облысының әкімі өткен жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп беруде
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Бүгін Тараздағы «Баласағұн» орталық концерт залында облыс әкімі Бөрібай Жексембиннің облыстық мәслихат депутаттарымен және жұртшылық өкілдерімен есеп беру кездесуі өтуде,

деп хабарлайды ҚазАқпарат аймақ басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аймақ басшысы Жамбыл облысының 2008 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша есеп беріп, 2009 жылғы мақсат-міндеттерді айқындайды. «Жалпы алғанда, облыстың 2008 жылғы әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақты деп мазмұндауға болады. Өткен жылы облыстың атқарушы органының жұмыстары аймақтағы әлеуметтік-экономикалық ахуалды әрі қарай тұрақтандыруға, Елбасы Н.Назарбаевтың былтыр ақпан айында Қазақстан халқына жасаған Жолдауындағы міндеттерді орындауға, сондай-ақ әлемдік экономикалық жүйедегі дағдарыстың аймаққа әсерін азайтуға бағытталды», деп атап көрсетті Б.Жексембин өз сөзінде. Әкімнің айтуынша, былтыр облыста жалпы өңірлік өнімнің өсу көрсеткіші күтілген баға бойынша 11 пайызды құрады, ал жалпы соңғы бес жылда бұл көрсеткіш жылына орта есеппен 25 пайызға өсіп отырған.