«Жаңа адамдар» ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған жаңа жылдық акция өткізді

АСТАНА. KAZINFORM – Астанадағы «Алау» мұз айдынында Жаңа адамдар «Мейірімді Қазақстан» бастамасы аясында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған «Жаңа ритмге қосыл – мейірімді бол» атты жаңа жылдық әлеуметтік акция ұйымдастырды.

«Жаңа адамдар» ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған жаңа жылдық акция өткізді
Фото: «Жаңа адамдар»

Іс-шара барысында қамқорлық, адалдық және азаматтық жауапкершілік құндылықтары нақты әрекеттер арқылы көрініс тапты. Қатысушылар әр адам әділетті әрі мейірімді қоғам қалыптастыруға өз үлесін қоса алатынын сезінді.

«Жаңа адамдар» ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған жаңа жылдық акция өткізді
Фото: «Жаңа адамдар»

«Мейірімділік, қамқорлық және тілеулестік – біздің ұлттық ерекшелігіміз. Біз осы құндылықтарымызды сақтап, өскелең ұрпақтың бойына сіңіруіміз керек», – деген болатын Мемлекет басшысы.

«Жаңа адамдар» ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған жаңа жылдық акция өткізді
Фото: «Жаңа адамдар»

Ұйым өкілдерінің айтуынша, халықтың күші – бірлік пен бір-біріне қолдау көрсетуде. Биыл «Жаңа адамдар» қозғалысы азаматтық бастамаларды бірнеше бағытта белсенді іске асырды. Атап айтқанда, ұзаққа созылған құрылыстар мен заңсыз қоқыс алаңдарын анықтап, оларға қарсы әрекет етті, заң талаптарының сақталуына және зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік қағидатына назар аударды, балалардың құқықтарын қорғауға атсалысты, қалалық ортаны жақсартуға және экология мен азаматтық жауапкершілікті цифрландыруға бағытталған жобаларды дамытты.

«Жаңа адамдар» ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған жаңа жылдық акция өткізді
Фото: «Жаңа адамдар»

Сондай-ақ түрлі бұзушылықтарды тіркеп, қоғам санасының жүйелі өзгеруіне ықпал етті.

Акция аясында балалар мен қозғалыс белсенділері бірлескен іс-шараларға қатысып, мұз айдынында сырғанады, ойын және креативті бағдарламаларға атсалысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның басты мақсаты – елдің болашағы қарапайым адами қасиеттер мен күнделікті игі істерден басталатынын көрсету.

«Жаңа адамдар» ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған жаңа жылдық акция өткізді
Фото: «Жаңа адамдар»

Іс-шара соңында әр балаға «Жаңа адамдар» белсенділері әзірлеген жаңа жылдық сыйлықтар табысталды. Ұйым өкілдері «Мейірімді Қазақстан» – жақсылық пен адалдық нақты істер арқылы көрінетін, елде болып жатқан әрбір өзгеріс әр азаматқа тікелей қатысты болатын мемлекет екенін атап өтті.

Айта кетейік, Жаңа адамдар астаналық клиникадағы жалған анықтама сату дерегін әшкерелеген болатын.

Соңғы жаңалықтар