Жаңа индустрияландыру арқасында «Ақтөберентген» инновациялық өнім түрлерін шығара бастады - форум

АСТАНА. 3 маусым. ҚазАқпарат - Жаңа индустрияландыру аясында «Ақтөберентген» инновациялық өнім түрлерін шығара бастады.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ҮИИДМБ іске асыруға арналған индустриялық форум аясында ашылған индустриялық жобалар көрмесі барысында кәсіпорынның атқарушы директоры Марс Махмұтов мәлім етті.

«Индустрияландыру бағдарламасының арқасында біз өнім түрлерінің санын 21 атауға дейін ұлғайттық. Компаниямыздың қаржылық әлеуеті артып, өнімдерімізді жаңа нарықтарға, экспортқа шығаруға мүмкіндік алдық. Жаңа инновациялық жобалар да іске аса бастады. Соның бірі бүгін көрмеде тұр, ол - көпфункционалды әмбебап «МедКар-У» жылжымалы кешені. Бұны дөңгелегі бар кішігірім поликлиника десе де болады. Оның ішінде репродуктивті денсаулық, лаборатория, офтальмология, хирургия, стоматология, жалпы қабылдау бөлмесі, яғни алты медициналық кабинет бар», - дейді ол.      

«Ақтөберентген» АҚ 16 түрлі талдау қызметін атқаратын медициналық компьютерлік томографтарды шығару бойынша Қазақстандағы жалғыз жоба. Инвестициялық жоба бүгін Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ҮИИДМБ іске асыруға арналған индустриялық форумға қатысады.

«Біздің кәсіпорын Қазақстан Республикасының Индустрияландыру жаңа бағдарламасына қатысуда. Үдемелі индустриялық-инновациялық   даму стратегиясының аясында  аталмыш зауытта заманауи  компьютерлік томограф өндірісінің жобасы жүзеге асырылуда», - дейді ол.

Инвестициялар көлемі - 11,3  миллион АҚШ долларын құрайды. Бұл жоба тек Қазақстанның ғана емес, ТМД елдерінің де  медициналық мекемелерін заманауи  компьютерлік диагностика аппаратураларымен  қамтамасыз етуге  мүмкіндік береді.

Кәсіпорынның атқарушы директоры Марс Махмұтовтың айтуынша,  «Ақтөберентген» АҚ компьютерлік томографты «Дженерал электрик» компаниясы технологиясының негізінде құрастырады.

Соңғы жаңалықтар