Жаңа Қазақстанның болашағы жарқын болуы үшін дауыс бердім – Ілия Жақанов
Атырау облысында Қазақстанның Еңбек Ері атанған үш адам тұрады.
Оның бірі – композитор, өнер зерттеушісі, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген қызметкері Ілия Жақанов.
Өнер зерттеушісі Атырау қаласындағы №7 сайлау учаскесінде 2916 сайлаушымен бірге тіркелген. Аталған сайлау учаскесіне ұлттық киіммен келген жазушы, композитор, музыкатанушы, Қазақстанның Еңбек Ері Илья Жақанов жұбайы Тыйыш Алтаевамен бірге дауыс берді.
«Тәуелсіздік тарихында өткен сайлаудың бәріне қатысып, өз таңдауымды жасап келемін. Ал, осы науқанда біз бүгінгі және ертеңгі болашақ өміріміздің дамуы мен жан-жақты өркендеуі, халқымыздың бақыты үшін барлығына аса жауапкершілікпен қызмет ететін кандидатқа дауыс беруді ұйғардық. Біздің қоғам – әділетті, қуатты және мызғымас бірлігі мен ынтымағы зор қоғам. Жаңа, әділетті Қазақстанның болашағы жарқын, сондай сәулелі, шуақты ел болуы үшін қария болсам да, сайлауда дауыс тұрмын», -деді Илья Жақанов.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда үшінші егізін күтіп жүрген ана дауыс бергенін, кейін Атырау тұрғындары 261 сайлау учаскесінде таңдауын жасап жатқанын жазған болатынбыз.