Жаңа модель: Енді педиатр балаларды тікелей қабылдайды
АСТАНА. KAZINFORM – Енді балалар педиатр дәрігердің қабылдауына тікелей кіре алады. Бұған дейін мұндай қабылдау тек жалпы тәжірибелік дәрігердің бағыттауымен ғана жүргізілетін.

Жаңа жүйедегі өзгерістер туралы ДС министрлігінің өкілі түсіндірді.
- Бастапқы медициналық-санитариялық көмекті жаңғыртудың маңызды бағыты – балаларға көмек көрсетуді жаңа сапалы деңгейде ұйымдастыру. 2025 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде 18 маусымда №3096 бұйрық қабылданды. Ол балаларға бастапқы медициналық көмектің құрылымын, функцияларын және пациентті бағыттау жолын реттейді. Баланың денсаулығына қатысты барлық қызмет осы маманның төңірегінде ұйымдастырылады. Яғни, басқа кабинеттер мен мамандардың жұмысын педиатр үйлестіріп отырады, - дейді «Республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығы» ШЖҚ РМК директоры Айгүл Қасымова.
Айта кетейік, енді емханаларда мейіргерлер де науқас қабылдай алады.