Жаңа оқу жылы: мектептер мен колледждерде жасанды интеллект технологиясы енгізіледі

АСТАНА. KAZINFORM – Колледждерге мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында 150 мың студентті қабылданады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлім етті.

жасанды интеллект
Фото: pixabay

- Биыл колледждерге мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында 150 мың студентті қабылдау жоспарланған. Бұл жұмысшы мамандықты таңдаған мектеп түлектерін сұранысқа ие мамандықтар бойынша 100% тегін оқытумен қамтуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік тапсырыстың 70%-ы техникалық салада кадрлар даярлауға бағытталады, - деді Ғ. Бейсембаев Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, 2022 жылдан бастап кәсіпорындардың өтінімдері бойынша жұмысқа орналастыру міндеттемесімен мақсатты мемлекеттік тапсырыс арқылы оқитын студенттер саны үш есеге артып, 30 мың адамды құрады. Жаңа оқу жылында бұл көрсеткішті 45 мыңға дейін арттыру жоспарланған.

Сондай-ақ жаңа оқу жылында мектептермен қатар, техникалық және кәсіптік білім беру деңгейінде де оқу процесінде жасанды интеллект технологиясын енгізу басталады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл балабақшалар ваучерлік қаржыландыру жүйесіне өтеді.

Соңғы жаңалықтар