Жаңа жыл мерекесі аяқталды: Алматы зообағы табиғи шыршаларды қабылдап жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы зообағы жылдағы дәстүр бойынша тірі шыршаларды қабылдауды бастады. 

Жаңа жыл мерекесі аяқталды: Алматы зообағы табиғи шыршаларды қабылдап жатыр
Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

– Мереке аяқталды. Біз пайдаланылған жасыл шыршаларды қабылдау акциясын бастаймыз. Пайдаланған табиғи жасыл шыршаларыңызды қоқысқа тастамай, біздің зообаққа әкеліп тапсырыңыз.

Зообағымызда бұл шыршалар жануарлар қоршауындағы табиғи ортаны толықтыратын болады. Қабылданған шыршалар бұғы, елік, қодас, харзалардың, тағы басқа жануарлардың қоршауларына орналастырылады. Жануарлар өз аумақтарындағы жаңа затқа ерекше қызығушылық танытады. Олар қоршауларына әкелінген шыршаны тартқылап, иісін танып, дәмін көріп, одан секіріп, бұтақтары мен қабығын тістелеп ойнайды. Осылайша жануарларымыздың қалыпты тіршілігіне жаңа серпін бере аламыз, - делінген хабарламада. 

Шыршаны қаладағы Орманов, 64 мекенжайында орналасқан Алматы хайуанаттар бағының қызметкерлер кіретін жағына әкеліп, тапсыра аласыздар. 

Табиғи шыршалар 13-17 қаңтар күндері аралғында қабылданады. 

Осыған дейін Алматыда ширек ғасыр өмір сүрген Хан есімді керіктің өлгені туралы жазғанбыз. 

Сондай-ақ Қазақстанда табиғи шыршалар қалай өсірілетіні жайында жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар