Жаңа жылдық безендіру: Алматы түгел жарықтандырылды
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы қаласы биыл Жаңа жылды ерекше тойлап жатыр. Әуежайдан Іле Алатауының етегіне дейін шаһар түгел жарықтандырылған. Kazinform агенттігінің фототілшісі қаланың мерекеге дайындығын суретке түсіру үшін маңызды орындарды аралады.
Мерекеге орай, тек қала орталығы емес, сондай-ақ шет аймақтар да безендірілген.
Басты көрікті жерлер, әдеттегідей, Абай және Астана алаңдары болды. Онда шыршалар орнатылып, тұрғындар мен қонақтарды мерекенің басты кейіпкерлері Аяз Ата мен Ақшақар қарсы алады. Мұнда балалар мен ересектер естелік суретке түсу үшін кезекке тұрады.

Сондай-ақ, Панфилов пен Арбат көшелері, 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында және «Алматы Арена» мен «Атакент» маңында шыршалар, жарық инсталляциялары орнатылды. Бұл орындар дәстүрлі түрде жергілікті тұрғындар мен туристерді тарту орталықтары болып саналады. Мұнда концерттер, жәрмеңкелер және әртүрлі іс-шаралар өтеді.

Биылғы жылы қаланың түкпір-түкпірі безендірілді. Енді мерекелік көңіл-күйге ену үшін қала орталығына барудың қажеті жоқ.

Жаңа жыл мерекесіне орай, жаңа 13 жерде - Сайран көлі, «Гүлдер» және «Family Park» саябақтары, Ганди және Байсейітова алаңы, Айнабұлақ, Жасқанат, Көкжиек және Құлагер шағын аудандарына сахналық декорация орналастырылды.

Ертегі кейіпкерлерінің жарықтандырылған кейіпі, алып қар кескіні және жарқыраған бұғылар аулалар мен жергілікті саябақтарда жаңа жылдық атмосфера тудырды. Қазір мұнда қала тұрғындары күнделікті серуен құрып жүр.

Қою қараңғы түссе де Алматы жап-жарық күйде қала береді. Шаһардың 38 шақырымнан астам көшесі гирляндалар ілініп, безендірілді. Әуежайдан шыққан қала қонақтарын түрлі-түсті шамдар қарсы алып, қала орталығына дейін жол сілтейді.

Құлжын тас жолы мен Шығыс айналма жолы да (ЕБР) мерекеге сай безендірілген.




Айта кетейік, Жаңа жыл мерекесіне орай, Алматыда өтетін шараларды мына сілтемеден көруге болады.