Жаңаөзен қаласында әскери қалашық салынуда

АҚТАУ. 20 ақпан. ҚазАқпарат - Жаңаөзен қаласында ҚР ІІМ Ішкі әскерлер комитетінің жедел мақсаттағы батальоны орналасатын болатын әскери қалашық салынуда.
None
None

Қазіргі уақытта Жаңаөзеннің бұрынғы әуежайының маңайында типтік үлгідегі әскери қалашықтың бірінші кезегі салынуда. Тапсырыс беруші - «ҚР ІІМ ішкі әскерлерінің 6656 ӘБ» ММ. Жоба республикалық бюджеттен қаржыландырылуда, оның жалпы құны 2,7 млрд. теңгеге бағалануда. Мердігер - «AsErBuidingCompany» ЖШС.

«Қазіргі кезде казарма және асхана ғимараттары салынды. Енді қазандықты, штаб пен медициналық бекетті салу міндеті тұр. Жылдың аяғына дейін құрылысшылар белгіленген мерзімдер бойынша үлгеруі тиіс», - деп атап өтті әскери бөлім командирінің тыл жөніндегі орынбасары Еркін Күшербаев.

Құрылыс 8 ай бұрын, 2012 жылдың мамырында басталды. Мердігерлер қалашықтың құрылысын 2013 жылдың желтоқсанында аяқтауды жоспарлауда.

Соңғы жаңалықтар