Жанарбек Әшімжан Мәжілістегі әріптесіне жасанды интеллект арқылы ода арнады

АСТАНА. KAZINFORM – Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан әріптесі Ерлан Саировқа жасанды интеллект арқылы ода арнады.

Жанарбек Әшімжан
Фото: Kazinform

- Қазір мен осында отырып ChatGPT-ге тапсырыс бердім. «Ерлан Саиров туралы өлең керек. Ол – депутат, саясаткер. Шығыс Қазақстан облысының тумасы, олигархтармен аяусыз күресіп жатыр», - деп тапсырма беріп едім, бес шумақ өлең жазып берді, - деді депутат.

Ол жасанды интеллект жазған өлеңнің бір шумағын мысал етіп келтірді.

- Сатылмас сөзге, ұранға

Депутат болып тік айтты.

Олигархтарды жығып қайтты

Қарапайымның үні боп,

Әділдік үшін майдан ашты, - деп бір шумағын келтіріп қояйын, - деді Жанарбек Әшімжан.

Сондай-ақ, депутат қазір тәжірибесіз журналистер жасанды интеллектке сеніп, жұмысында қателіктерге бой алдырып жатқанын мәлім етті.

Баяндамашы депутат Екатерина Смышляева бұл мәселені шешу үшін жасанды интеллект алгоритмі арқылы жасалған туындыға адамның қаншалықты үлес қосқанын пайызбен өлшейтін тәсіл ойлап табу керектігін айтты.

Бұған дейін Қазақстанда қай салаға жасанды интеллект белсенді енгізіліп жатқанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар