Жанат Ешмағамбетов Атбасар түрмесіндегі азаптау туралы: Қызметкерлер күш қолданбауы керек еді
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов Атбасардағы сотталған азаматты азаптау оқиғасын «қызмет бабын асыра пайдалану» деп бағалайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мен қылмыстық-процессуалдық маман емеспін немесе тергеуші емеспін. Қазір арнайы прокуратура сотқа дейінгі қылмыстық тергеу жүргізіп жатыр. Біз бейнежазбаны тыңғылықты зерделедік. Комитет төрағасының бірінші орынбасары бастаған қызметкерлер оқиға орнына барды.
Менің пікірімше, бұл қызмет бабын айқын арттыру болды. Бейнежазбадан көргеніміз – сотталушылар белсенді қарсылық көрсетпеген. Заңды талапты орындамау болды. Мұндай жағдайда арнайы құрал мен күш қоданылмайды», - деді ол.
Сондай-ақ, сотталушыға күш қолданған қызметкерлер тәртіп бойынша қалай әрекет ету керек болғанын айтты.
«Біздің пікірімізше, заңды талаптарға бағынбау әрекеті бейнетіркеуге түсірілуі керек еді. Содан кейін хаттама толтырылып, тәртіп изоляторына жіберу туралы қаулы қабылдануы керек болған. Бұл сотталушылар шынымен де қызметкерлердің заңды талаптарын орындамаған. Бірақ бұл арнайы құралдарды қолдануға рұқсат бермейді. Ықпал етудің басқа да түрлері бар. Оның бәрі заңда көрсетілген. Бірақ мен қайталап айтам, түпкілікті шешімді тергеу органдары шығарады», - деді Жанат Ешмағамбетов.
Еске салсақ, Ақмола облысының Атбасар түрмесіндегі сотталғандарға қатысты күш қолдану дерегі бойынша прокуратура сотқа дейінгі тергеуді басталғанын жазған едік.
Кейін осы оқиғаға байланысты Амола облыстық облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы қызметінен шеттетілді.