Жаңатаста қатты желден кейін жылусыз қалған мектептерді генератормен жылытады

ЖАҢАТАС. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Сарысу ауданы Жаңатас қаласына барып, қарлы дауылдан кейінгі жағдаймен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

Аймақ басшысы алдымен «ЖаңатасСуЖылу» МКК қалпына келтіру жұмыстарын тексерді.

Сондай-ақ, қатты желден құлаған электр бағаналарын көріп, оларды жөндеу бойынша жауаптыларға тапсырма жүктеді.

Д.Қонаев атындағы орта мектебінде болған облыс әкімі қаладағы екі-үш оқу ордасын жылытуға барынша көңіл бөлу керектігін баса айтты.

Ол үшін арнайы генераторлар пайдаланылады. Бұл мектептер жылыту пункті ретінде дайын тұруы маңызды.

«Шахан» қосалқы станциясына барған Нұржан Нұржігітов қаланы ең алдымен электр энергиясына қосу керектігін жеткізді.

Қазіргі кезде электр желілерін реттеу жұмысына 10 бригада жұмылдырылған.

Аймақ басшысы бұл жұмысты 2-3 сағатта аяқтауды тапсырды.

Еске сала кетейік, Жамбыл облысының Сарысу ауданында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған еді.


Соңғы жаңалықтар