Жаңажол ГТЭС екінші кезегі электр энергиясын өндіруді 110 МВт-ға арттырды

АҚТӨБЕ. Маусымның 23-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Индустрияландырудың аймақтық картасы шеңберінде маусымның 21-інде «Ақтөбемұнайқаржы» АҚ қуаты 110 МВт болатын Жаңажол газтурбина электрстансасының (ЖГТЭС) екінші кезегі іске қосылды, деп хабарлады облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасынан.
None
None

Облыстық басқарма бастығының орынбасары Бауыржан Құлтаевтың айтуынша, Жаңажол ауылындағы электрстансасы «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ өндірістік нысандарының электр энергиясына деген сұранысын қамтамасыз ету үшін салынған еді. Енді, өндірістік сұраныстан бөлек, ЖГТЭС жақын маңдағы елді мекендерді де электр қуатымен қамтамасыз ететін болады. Жобаның құны - 3,5 млрд. теңгеден астам. ЖГТЭС-тің екінші кезегі электр қуатын 54-тен 110 мегаваттқа дейін арттыруға мүмкіндік беруде. Электр стансасы жобалық қуатына шілденің 1-інде шығады, деп атап өтті Б.Құлтаев.

Соңғы жаңалықтар