Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді

None
Фото: Облыстық ТЖД баспасөз қызметі
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - «Жаңажол» газ өндеу зауытындағы өрт кеше сағат 15:55-те тұтанып, бүгін сағат 6:20-да сөндірілді. Қазір салқындату жұмысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт сөндірушілер қызыл жалынның 20 тонналық 5 цистерна мен басқа да обьектілерге таралуына жол бермеді. Өртпен күрес жұмыстарын түнімен жүргізіп, сағат 6:20-да сөндірді. Қазіргі таңда салқындату жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Еске сала кетейік, кеше сағат 15:55-те (Ақтөбе облысының уақыты бойынша) 112 пультіне
«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ №2 газ өңдеу зауытының аумағы, Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округінің «Жаңажол» кен орнында қондырғы өртенгені туралы хабарлама түскен. ТЖД басшылығы аэровизуальды барлау жұмыстарын жүргізіп, жедел штаб құрылды. Өртті сөндіруге Ақтөбе облысы ТЖД және «Семсер өрт сөндіруші» ЖШС-нен 50-ден астам қызметкер мен 9 техника жұмылдырылды.
Өрттің шығу себебі мен ауданы анықталып жатыр. Күйік шалған 4 жұмысшы Темір ауданының орталық ауруханасына жатқызылды.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаевтің хабарлауынша, өрт кезінде күйік шалған төрт науқас қазір Кеңқияқ ауылдық ауруханасында ем қабылдап жатыр. 32 жастағы М. Исаевтің денесін, 52 жастағы М. Қуаншалиевтің беті мен иығын, 56 жастағы Р. Рысбековтің денесін, 53 жастағы Б. Қойшеновтің қолын екінші және үшінші дәрежеде күйік шалған. Дәрігерлер оларды қалаға жеткізу жайын қарастырады.
Соңғы жаңалықтар