21:25, 12 Тамыз 2024 | GMT +5
Жәнібек Әлімханұлы шаршы алаңға қашан шығады
АСТАНА. KAZINFORM – WBO және IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) ринг төріне қашан оралатыны туралы хабарлады.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында «Жақында...» деген жазба жариялады.

Бұған дейін Жәнібек кәсіпқой бокстағы басты мақсаты төрт тұжырым бойынша чемпион атанып, тарихта қалғысы келетінін айтқан еді.
Сондай-ақ отандасымыздың екі титул үшін өтетін маңызды айқасының алдында талып қалғанын жазған болатынбыз.