Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы өтпей қалған жекпе-жек туралы ренішін білдірді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық боксшы, WBO/IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы жаңа зеландиялық Андрей Михайлович өтпей қалған жекпе-жектен кейін әлеуметтік желідегі парақшасына пікір білдірді. Бұл туралы Sports.kz жазды.

Жәнібек Әлімхан
Фото: Sports.kz

«Осы айқас үшін 7000 миль жолды артқа тастап, саяхаттадым. Алайда күтпеген жағдай болып, жекпе-жектің болмай қалғаны әрине өкінішті. Бұл әлбетте ғасыр оқиғасы болды. Амал жоқ көнеміз. Сіздердің сүйіспеншіліктеріңізге көп рақмет. Осы бір келеңсіздікті еңсеруге сіздер көмектесесіздер», — деп жазды Михайлович. 

Естеріңізге сала кетейік, Жәнібек Андрей Михайловичке қарсы өтетін жекпе-жек алдында есінен танып қалған болатын. 

Артынша промоутер Жәнібек Әлімханұлының ауруханаға түсіп қалуына қатысты мәлімдеме жасады.

Кейін Жәнібек өзі  жағдайы туралы жазба жариялады.

 

Соңғы жаңалықтар