11:43, 07 Тамыз 2017 | GMT +5
Жантүршігерлік апат: Атырау облысында үш адам тірідей жанып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - 7 тамызға қараған түні жантүршігерлік апат орын алды, деп хабарлады "Мой ГОРОД" порталы.

Атырау-Индер тас жолының 165 шақырымында жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысты.
«Апат түнгі сағат 12-де болды. "Мерседес Бенс" маркалы көлік қарсы жолаққа шығып кетіп, "МАЗ 54 4008" жүк көлігімен соқтығысты. Салдарынан жеңіл көлік өртке оранып, жүргізуші және екі жолаушы тірідей жанып кетті», - деп хабарлады Атырау облысы ІІД баспасөз қызметінде.
БҚО тұрғыны - жүк көлігінің жүргізушісі зардап шеккен жоқ. «Жеңіл көліктің жүргізушісі Атырау облысының тұрғыны екені белгілі, басқа қаза болғандардың кім екені анықталуда», - деп нақтылады баспасөз қызметінде.