Жапон иені 18 айлық минимумын жаңартты

АСТАНА. KAZINFORM — Сейсенбі күні парламенттің төменгі палатасының таратылуы мүмкін деген қауесеттер аясында иеннің АҚШ долларына шаққандағы бағамы 158-ге дейін төмендеп, 2024 жылдың шілдесінен бері ең төменгі көрсеткішке жетті.

Японская иена обновила 18-месячный минимум
Фото: Kyodo

Жапон валютасының еуроға қатысты бағамы да шамамен 185 долларға дейін төмендеген. Бұл 1999 жылы бірыңғай еуропалық валюта енгізілгеннен бергі ең төменгі деңгей.

Нарықтағы жағдай Жапонияның қаржылық жағдайының одан әрі нашарлауына қатысты алаңдаушылықтың артуынан қысымға ұшырап отыр, себебі билеуші блоктың сайлаудағы ықтимал жеңісі үкімет шығындарын арттыруы мүмкін.

Kyodo агенттігінің хабарлауынша, Жапония премьер-министрі Санаэ Такаичи билеуші партияның жоғары лауазымды шенеунігіне мерзімінен бұрын жалпы сайлау өткізу үшін Өкілдер палатасын таратуға ниетті екенін хабарлады. 

Жапония үкіметінің 10 жылдық негізгі облигацияларының кірістілігі 1999 жылдың ақпан айынан бері ең жоғары деңгейге жетті. Облигациялардың кірістілігі бағаларға кері пропорционал өзгеріп отыр. 

Желтоқсан айында жапон иенінің долларға шаққандағы құны құлдырап бара жатқанын жазған болатынбыз. 

Сондай-ақ Жапонияның министрлер кабинеті желтоқсан айында 2026 қаржы жылына арналған рекордтық алдын ала бюджет жобасын бекіткенін, ол 122,31 трлн иен (783 млрд доллар) құрайтынын жаздық. 

Соңғы жаңалықтар