Жапония премьер-министрі Исиба Трамппен сөйлескеннен кейін оны жылы шырайлы деп атады

исиба
Фото: Tomohiro Ohsumi

АСТАНА. KAZINFORM — Жапония премьер-министрі Сигэру Исиба АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесу барысында екіжақты альянсты нығайтуға күш салатынын растап, жақын арада кездесу өткізуге келісті, деп хабарлайды Kyodo News ақпарат агенттігі. 

«Мен Трамп жайлы «жылы шырайлы» және «мен ашық сөйлесе алатын» адам деген әсерде қалдым», — деді Сигэру Исиба әңгімелесуден кейін.

Исиба Трампты құттықтап, оның «Американы қайтадан ұлы етеміз» ұранының Америка Құрама Штаттарында көптеген адам жүрегінен үн қатқанын атап өтті. 

Министрлер кабинетінің бас хатшысы Есимаса Хаясидің мәлімдеуінше, екіжақты альянс Жапонияның сыртқы және қауіпсіздік саясатының негізі болып қала беретінін және екі ел еркін және ашық халықаралық тәртіпті қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратын жаһандық серіктестер ретінде ынтымақтастықты кеңейтеді.

Бұған дейін хабарланғандай, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп сайлауда жеңіске жетіп, Ақ үйге оралды. Оған берілген дауыстар саны басты қарсыласы Камала Харристен басым түсті. 

Еуропарламент фракциясының тең төрағалары Трампты жеңісімен құттықтады. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттары Президентінің сайлауында айқын жеңіске жеткен Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады. 

Бұған дейін 1 қазанда Жапонияның басқарушы либералды-демократиялық партиясының (ЛДП) төрағасы Сигэру Исиба елдің 102-ші премьер-министрі болып сайланды.

Соңғы жаңалықтар
telegram