Жапония Премьер-министрінің офисінде Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті
ТОКИО. KAZINFORM – Жапония Премьер-министрінің офисінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Құрмет қарауылы сап түзеп, қос елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт бергеннен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Санаэ Такаичи бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.







Айта кетелік Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барды. Сонымен қатар Токиода жалпы құны 3,7 млрд доллардан асатын келісімдерге қол қойылады.
Мемлекет басшысы Жапония Императоры Нарухитомен кездесті. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың құрметіне ресми қабылдау өтті. Кейін Тоқаев Мейджи Джингу ғибадатханасын аралап көрді. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияда тұрып жатқан қазақстандықтармен кездесті және Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасы мүшелерімен кездесті.