Жапонияда 5,5 магнитудалық жер сілкінісі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның солтүстік шығысында 5,5 магнитудалық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ТАСС.
None
None

Елдің метереологиялық басқармасының мәліметтері бойынша, зілзаланың эпицентрі Токиомен көршілес Ибараки префектурасында, 10 км тереңдікте болған. Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат түскен жоқ.

Цунами қауіпі болуы мүмкін деген ескерту жарияланған болатын, жер сілкінісінен кейін ескерту алынып тасталды. Қуатты жерасты дүмпулері Жапонияның орталық және солтүстік шығысындағы Хонсю аралында сезілген.

ТАСС агенттігінң Токиодағы өкілдігінің ғимаратында қабырғалар қимылдап, жиһаздар қозғалып кеткен.

Соңғы жаңалықтар