18:50, 09 Қараша 2025 | GMT +5
Жапонияда 6,7 балдық жер сілкінісі болды
АСТАНА. KAZINFORM – Жапония метеорологиялық агенттігінің (JMA) мәліметінше, бүгін, 9 қарашада Жапонияның Иватэ префектурасында жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Синьхуа.
Алдын ала бағалау бойынша жер сілкінісінің магнитудасы 6,7 болған.
JMA сонымен қатар префектураның шығыс жағалауында цунами туралы ескерту жариялады.
Еске сала кетейік, Ауғанстанда 6,3 магнитудалы жер сілкінісі салдарынан кемінде 20 адам қаза тапты.
2026 жылы Өзбекстан жер сілкінісін ЖИ арқылы болжауға кіріседі.