Жапонияда орман өртенді

АСТАНА. KAZINFORM — Токионың батысындағы Яманаси префектурасында орман өртенді, деп хабарлайды Kyodo

Жапонияда орман өртенді
Фото: Kyodo

Жергілікті билік өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтау үшін жұмыс істеп жатқан кезде жақын маңдағы тұрғындарға қауіпсіз жерге көшуге кеңес берді.

Полиция мен жергілікті өрт сөндіру бөлімі зардап шеккендер немесе жақын маңдағы үйлерге зақым келгені туралы хабар алмады. Дегенмен, Яманаси префектуралық үкіметі өртті сөндіру үшін өзін-өзі қорғау күштерінің қызметкерлерін жіберуді сұрады.

Таңғы сағат 10:45 шамасында полицияға тұрғыннан 1138 метр биіктіктегі Оги тауынан түтін шығып жатқаны туралы жедел қоңырау келіп түсті. Уэнохара қаласының шенеуніктері шамамен 150 тұрғынға үйлерінен көшуге кеңес берді.

Жергілікті өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, түнде өртті сөндіру жұмыстары тоқтатылды.

Еске салайық, Аустралияда орман өрті 16 үйді жалмап, мыңдаған тұрғын эвакуацияланған еді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум