16:00, 15 Ақпан 2024 | GMT +5
Жапонияда Сакурадзима жанартауы атқылады
АСТАНА. KAZINFORM – Жапонияда Сакурадзима жанартауы атқылады. Бұл туралы Жапонияның Ұлттық метеорологиялық басқармасы хабарлады.

Жарылғыш сипаттағы жанартау атқылауы Минамидакэ кратерінде болды. Күл мен түтін бағанасы 2020 жылдан бері алғаш рет 5 мың метр биіктікке көтерілді, тастар мен лава қалдықтары 1,3 мың метрге ұшты.
Тұрғындарға жанартау маңында да, шалғай жерде де күл түсу қаупі ескертіліп жатыр.
Видео: ТАСС/Zaiho