Жапонияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге уақытша баспана салына бастады
Жергілікті билік жұма күні Жапонияның орталық бөлігінде магнитудасы 7,6 балдық жер сілкінісінен үйлері зардап шеккендерге уақытша баспана салуға кірісті. Kazinform агенттігі бұл туралы Kyodo News-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Исикава префектурасының үкіметі Вадзима мен Судзуда 115 уақытша үйдің құрылысын бастап, оны бір ай ішінде аяқтауды мақсат етті.
Уақытша баспана жалғызбасты адамдар, отбасыларға құрама немесе ағаш бір қабатты үйлер салынады.
Префектура сондай-ақ Ното және Анамидзу қалаларында 60 уақытша тұрғын үй құрылысын бастауды жоспарлап отыр.
Табиғи апаты кезінде зардап шеккендерге көмек көрсету туралы заңға сәйкес, жергілікті билік уақытша баспананы екі жылға дейін немесе зардап шеккендер балама баспана тапқанша тегін береді.
Зілзала салдарынан қаза тапқандар саны 215 адамды құрады. Олардың ішінде 10 адам денсаулығының нашарлауынан, кейбір жағдайларда эвакуация кезіндегі күйзеліске байланысты қайтыс болды деп шамаланып отыр.
37 адам із-түзсіз жоғалды, эвакуацияланғандар саны – 24 038 адам.
Шамамен 2500 адам жолдардың бұзылуына байланысты оқшауланған.
Бұған дейін Жапонияда жер сілкінісі құрбандарының саны 213 адамға жеткені туралы жазған едік.