Жапониядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 238-ге жетті

АСТАНА.  KAZINFORM — Жапонияда Ното түбегіне жақын жерде болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 238-ге жетті. Бұл туралы Исикава префектурасының билігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі. 

Жапониядағы жер сілкінісі
Фото: Kyodo

Бұған дейін 232 адамның құрбан болғаны хабарланған болатын. Биліктің есебіне сәйкес, адамдардың 41%-ы ауыр заттардың жаншылуынан, 22%-ы тұншығудан, 14%-ы гипотермиядан қайтыс болған. Қаза тапқандардың 73%-ы - 60 жастан асқан адамдар.

Естеріңізге сала кетейік, 1 қаңтардан бері Жапонияда 1,2 мыңнан астам жер сілкінісі болды. Бұл елдегі соңғы 3,5 жылдағы жерасты дүмпулерінің жалпы санынан асып түседі.

Апат салдарынан зардап шеккендер саны 1,1 мыңнан асты. 38,6 мыңға жуық үй толық немесе ішінара қираған.

Соңғы жаңалықтар