Жапониядағы жер сілкінісінен кейін 2,44 миллион тоннадан астам қалдық пайда болды

АСТАНА. KAZINFORM - Исикава префектурасының үкіметі Ното түбегінде болған 7,6 балдық жер сілкінісінен 2,44 миллион тоннадан астам қалдық қалғанын хабарлады, деп жазады The Japan Times басылымы.

Жапония
Фото: JIJI

Табиғи апаттан кейінгі қалдық көлемі префектураның әдетте жеті жыл ішінде шығаратын қалдығының мөлшеріне тең.

Исикава префектурасы 2026 жылдың наурыз айының соңына дейін қалдықтарды қайта өңдеуді жоспарлап отыр.

Қалдықтар уақытша сақтау орындарына жеткізіліп, жанғыш және жанбайтын, ағаш, металл сынықтарына сұрыптау жасалады. Содан кейін префектураның сыртындағы өңдеу мекемесіне жеткізіледі.

Бұған дейін жер сілкінісінің инфрақұрылымдық шығыны 17,6 миллиард долларға жетуі мүмкін екені хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар