Жапонияның оңтүстігінде жер сілкінді

АСТАНА. KAZINFORM — Жапонияның оңтүстігіндегі Жанартау аралдары ауданында магнитудасы 6 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Анадолы.

зілзала
Фото: Анадолы

АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша сағат 12:55-те тіркелген.

Жер сілкінісінің ошағы 20 шақырым тереңдікте орналасқан.

Қаза тапқандар мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ. Цунами қаупі жарияланбады.

Жанартау аралдары Жапония астанасы Токио қаласынан шамамен 1250 шақырым оңтүстікте орналасқан. Жалғыз қоныстанған арал — Ио (Иводзима), мұнда Жапонияның әскери базасы орналасқан.

Бұған дейін Қытайда магнитудасы 5,1 балдық жер сілкінісі болғаны хабарланған еді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум