07:41, 11 Наурыз 2025 | GMT +5
Жаркент тұрғындары жер сілкінісін сезді
АСТАНА. KAZINFORM - ҚР ТЖМ Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы 2025 жылдың 11-ші наурызы күні сағат 01:26-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Зілзаланың ошағы Қазақстан мен Қытай шекарасында жатыр.
Сезілуі туралы мәліметтер: Жетісу облысы Жаркент қаласында 2 балл.
Қираған ғимараттар мен зардап шеккендер туралы хабар түскен жоқ.
Павлодар облысында әмбебап құтқару бөлімшесі ашылғаны туралы жаздық.