Жасөспірімдерді жұмыспен қамту үшін арнайы акция ұйымдастырылады
Орталық коммункациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев осындай жаңалық айтты.
«Ақцияны өткізуге мүдделі мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, қоғам белсенділері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері атсалысады», - деді Марат Қожаев.
Оның айтуынша, акция жазғы демалыс кезінде кәмелетке толмағандар тарапынан жасалатын қылмыстардың алдын алуға, құқық қорғау органдарының есеп, тізімдерінде тұрған жасөспірімдердің уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталмақ.
«Мұндай жеткіншектер бос уақытты ұйымдастырудың түрлі нысандарына жұмысқа алынады. Акция маусым бойы жүреді. Жазғы демалыс кезеңінде кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша да бірқатар қосымша ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар қабылданады», - деді Марат Қожаев.