Жасөспірімнің аш түлкіден тауығын қалай құтқарғаны видеоға түсіп қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Уэльст қаласында тұратын 15 жастағы Эван Дэвиске тауықты ізіне түскен түлкіден құтқару үшін емтиханға дайындығын тоқтатуына тура келді. 

Жасөспірімнің  аш түлкіден тауығын қалай  құтқарғаны видеоға түсіп қалды

Жанталасқан құс қоршауды айнала қашты. Екі-үш рет жыртқыштың тырнағына түсіп те қала жаздады. Әр тістеген сайын қауырсындары бұрқырай ұшқан тауық Эван Дэвис болмағанда түлкінің жемтігіне айналуы ықтимал еді.  Бұл оқиға Эванның әкесі Карлдың төрт жақтан қойылған камерасына түсіп қалған.  Оның айтуынша, учаске қоршауына  электр сымдары жүргізілген. Осы тосқауыл да аш түлкінің ішке кіруіне бөгет бола алмаған көрінеді.