Жастар арасындағы ӘЧ: қазақстандық боксшылар 17 медаль алды
АСТАНА. KAZINFORM - Черногорияның Будва қаласында өткен жастар арасындағы 2024 жылғы әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар 17 медаль алды.
Әлемдік додада еліміздің ұлдар және қыздар құрамасы 6 алтын, 1 күміс, 9 қола медальға қол жеткізді.
Ел құрамасынан Бексұлтан Боранбек (51 келі), Төрехан Сабырхан (67 келі), Өнер Сейілхан (71 келі), Санжарәли Бегалиев (75 келі), Елянур Тұрғанова (50 келі) және Аружан Зейноллаева (81 келі) жеңіс тұғырына көтерілді.
Ал күміс медаль Ұлдана Таубайға (66 келі) бұйырса, үздік үштікті Диас Берікбай (48 келі), Жансері Көшербаев (57 келі), Расул Асанханов (92 келі), Аслан Елдібайулы (92 келіден жоғары), Әнел Абдрасилова (48 кг), Бағжан Отынбай (52 келі), Толғанай Касымхан (60 келі), Аружан Жаңабаева (63 келі), Шұғыла Нәлібай (75 келі) және Панар Сейітханкызы (81 келіден жоғары) түйіндеді.