Жауынгерлік дайындық: Қорғаныс министрлігі маңызды мәлімдеме жасады

АСТАНА. KAZINFORM – Жаңа оқу жылының басталуына байланысты желтоқсан айының алғашқы күндерінде Қарулы Күштердің барлық бөлімі оқу дабылы бойынша жоғары деңгейдегі жауынгерлік дайындыққа келтіріледі. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.

дайындық
Фото: Қорғаныс министрлігі

Осыдан кейін бөлімдер оқу полигондары мен оқу орталықтарына жоспарлы марштар жасайды. Жекелеген бөлімшелер кешенді жауынгерлік дайындық сабақтары өтетін орындарға әуе, теміржол және автокөлік көлігімен жеткізіледі.

дайындық
Фото: Қорғаныс министрлігі

Министрлік аталған кезеңде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өңірлердегі жолдардың кейбір учаскелерінде көлік қозғалысы уақытша шектелуі мүмкін екенін ескертті.

дайындық
Фото: Қорғаныс министрлігі

- Азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен тек ресми ақпарат көздеріне сүйеніп, тексерілмеген мәліметтерді таратпауға шақырамыз, - делінген хабарламада.

дайындық
Фото: Қорғаныс министрлігі

Айта кетейік, Қазақстанда суда жүзетін әмбебап жауынгерлік көлік құрастырылатын болды.

Соңғы жаңалықтар