Жаяу жүргіншіні қағып кеткен Шұбарши кентінің 30 жастағы тұрғыны оқиға орнынан ізін суытты

АҚТӨБЕ. 10 мамыр. ҚазАқпарат - 9 мамырда Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы «Электрона» аумағында «Тойота Камри» маркалы көліктің иесі белгіленбеген жерде жолдан өткен 18 жасар студентті қағып кетті.
None
None

Қатты соққының салдарынан жас жігіт қарсы келе жатқан «Дэу Матиз» маркалы көліктің астына түсті. Ол ауруханаға барар жолда көз жұмды.

ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай,  іздестіру жұмыстары барысында жол полициясы іздеу бөлімінің қызметкерлерімен қашып кеткен жүргізушінің жеке тұлғасы анықталып, ұсталды. Ол Темір ауданының Шұбарши кентінде тұратын 30 жастағы азамат болып шықты. Оның сөзіне қарағанда, қорыққаннан қашып кеткен.

Танысының ауласына тығып қойған «Тойота камри» маркалы көлік айып тұрағына қойылды.

Бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 296 бабымен (Өлімге әкеп соқтырған жол-ережесін бұзу) және ҚР ҚК-нің 297 бабымен (жол-көлік оқиғасы болған орыннан кетіп қалғаны үшін) қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде. Көлік бойынша автотехникалық сараптама белгіленді.

Соңғы жаңалықтар