Жайлы мектептер жобалау тапсырмасына сәйкестендіріліп жатыр

Сейсмикалық және климаттық аймақтарда мектеп салу кезінде қолдануға болатын жобалар әзірленді. Бұл туралы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-тан мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасына отандық жиһаз бен әрлеу материалдары сатып алынады
Фото: primeminister.kz

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының жобалау тапсырмасы дайын еместігі туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтындығын атап өтеді.

«Жобалау тапсырмасы 2023 жылдың 12 қаңтарында ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген. Ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі Үкіметтің жаңартылған қаулысында жобалау тапсырмасына бірқатар өзгеріс енгізілді. Сондықтан жайлы мектептердің жобаларын оған сәйкестендіру бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгінде үш сейсмикалық және екі климаттық аймақ бойынша қайта қолдануға арналған 31 жоба және 6 дербес жоба әзірленді. Дайын жобалық-сметалық құжаттама жыл соңына дейін сараптамадан шығады деп жоспарлануда. Бұл жобаларды болашақта басқа білім беру нысандарын салу үшін пайдалануға болады», - делінген компанияның агенттіктің ресми сауалына берген жауабында.

Соңғы жаңалықтар