Жазғы лагерлер мен сауықтыру орталықтары туралы цифрлық платформа әзірленеді

Парламентке Цифрлық кодекс жобасы қашан енгізіледі
Фото: Midjourney

АСТАНА. KAZINFORM – Балаларды лагерлермен, үйірмелермен, секциялармен, сауықтырумен қамту бойынша бірыңғай электрондық платформа қажет. Премьер-Министр Олжас Бектенов бұл бағытта жалпы ақпараттық-түсіндіру деңгейі төмен екенін айтуда.

«Ата-аналар лагерлер мен балаларға арналған бос уақыт өткізу орындары туралы толыққанды ақпаратқа қол жеткізе алмайтынына шағымданады. Олардың алаңдаушылығын түсінуге болады – бәрі де баласын қайда жіберетінін және онда қандай жағдайлар жасалғанын алдын ала білгісі келеді. Бұл бағыттағы жұмысты бақылау жеткіліксіз. Мұндай ақпаратты қамтитын цифрлық платформа жоқ», - деді О. Бектенов Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, Оқу-ағарту, Мәдениет және ақпарат, Цифрландыру министрліктері балаларды лагерлермен, үйірмелермен, секциялармен, сауықтырумен және бос уақытты өткізумен қамту бойынша бірыңғай электрондық платформа құру жұмысын аяқтағаны жөн.

Платформада барлық объектілер туралы толық ақпарат болуға тиіс.

Айта кетейік, биыл елімізде 10 мыңнан астам демалыс орнында 3 млн-ға жуық бала жазғы демалысын өткізеді.

Әсіресе, тасқын су болған өңірлердің балалары сауықтыру орталықтарына жіберіледі.

Бұған дейін Премьер- Министр балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруды сынға алған еді.

Соңғы жаңалықтар