Жазғы универсиадада семсерлесуден еліміздің ерлер құрамасы үшінші орын алды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Жазғы универсиадада семсерлесуден еліміздің ерлер құрамасы үшінші орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

5 тамызда семсерлесуден еліміздің ерлер құрамасы үздік үштіктен көрінді. Құрама сапында Жанат Набиев, Назарбай Саттархан, Артем Саркисян бар.

Айта кетсек, спорттық гимнастикадан Милад Карими чемпион атанған еді.

Сондай-ақ, бұдан бұрын Милад Карими спорттық гимнастикадан еркін жаттығу бойынша ерлер арасында 14.300 балмен екінші орын алды.

Ал бұдан бұрын алтын медальге ел құрамасынан таеквондошы Рита Бакишева (48 келі) ие болған еді.

Қазір ел құрамасы қоржынында 2 алтын, 7 күміс, 10 қола медаль бар.

Еске салсақ, бүгін Жазғы универсиадада таеквондошылар ел қоржынына 14 медаль салды.


Соңғы жаңалықтар